Developing soft skills through career counseling for graduate students

Осы мақалада біз түлек студенттерге мансаптық кеңес беру арқылы икемді дағдыларды дамыту мәселесін қарастырамыз. Әдеби шолу барысында «икемді дағдылардың» кез келген адамға, әсіресе студенттерге кәсіби қызметте өзін-өзі жүзеге асыруға, тиімділікті арттыруға және мансаптық өсуге қол жеткізуге мүмкіндік беретіні анықталды. Сонымен қатар, соңғы курс студенттерінің болашақ мамандар ретінде даму қажеттіліктері әртүрлі екенін ескере отырып, кәсіби кеңес беруді қолданудың аса маңыздылығы белгіленді. Анкеталық сауалнама нәтижелері студенттер үшін, соның ішінде кәсіби кеңес беру арқылы икемді дағдылардың көрсеткіштерін дамытудың маңыздылығын көрсетті. Соңғы курс студенттерін оқытуға ұсынылған кәсіби кеңес беру арқылы икемді дағдыларды дамыту бағдарламасы студенттердің негізгі икемді дағдыларының көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік берді: коммуникация; командада жұмыс істеу; көшбасшылық; презентация дағдылары; уақытты басқару; мәселені шешу және шығармашылық.