Дайана Халперннің «Сыни ойлау психологиясы — сыни ойлаудың психологиясын түсіндіретін маңызды еңбек. Кітапта сыни ойлау ақпаратты талдау, дәлелдерді бағалау, логикалық қорытынды шығару және саналы шешім қабылдау қабілеті ретінде қарастырылады. Халперн ақпаратты қалай тексеру, салыстыру және дұрыс бағалау керектігін нақты мысалдармен көрсетеді. Сонымен қатар, кітапта аргументтерді бағалау, логикалық қателіктерді анықтау, болжам жасау және шешім қабылдау әдістері қарастырылады.
Автор сыни ойлауды тек оқу процесінде емес, күнделікті өмірде де қолдану маңызды екенін атап көрсетеді. Кітапта берілген әдістерді қолдану арқылы оқушы немесе студент өз ойларын системалық және дәлелді түрде қалыптастыруға үйренеді, ақпаратты сенімді түрде бағалап, дұрыс шешім қабылдай алады.
PDF жүктеу