Рефлексия как инструмент самосовершенствования в развитии гибких навыков старшеклассников.

Мақалада мектеп оқушыларының икемді дағдыларын дамыту мәселелері және рефлексияны өзін-өзі жетілдіру құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Зерттеу рефлексияның өзін-өзі жетілдіру құралы ретінде жоғары сынып оқушыларының икемді дағдыларын дамытуға әсерін қарастыру, сонымен қатар тиімді рефлексиялық тәжірибелерді енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілді. Зерттеуде дереккөздерді әдеби талдау, оқу бағдарламалары мен сабақ жоспарларының білім беру стандартын талдау, мұғалімдер, ата-аналар мен жоғары сынып оқушылары арасында сауалнама, сондай-ақ модельдеу әдістері қолданылды.

Арнайы ұйымдастырылған білім беру іс-әрекеті жағдайында тұлға қалыптастырудағы рефлексияның маңыздылығы көрсетілген. Жоғары сынып оқушыларында икемді дағдыларды дамыту үшін қолдануға болатын рефлексивті тәжірибелер анықталды. Бұл ретте мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар бұл бағытты жандандыру қажет деп санайды. Бұл білім беру процесінің барлық қатысушыларың, әсіресе мектепте хабардар ету, оқыту және қолдау үшін кешенді шараларды қажет етеді. Алынған нәтижелер рефлексияны жоғары сынып оқушыларының икемді дағдыларын дамытуда өзін-өзі жетілдірудің тиімді құралы ретінде тануға мүмкіндік берді. Рефлексиялық тәжірибелер мектеп оқушыларының икемді дағдыларын дамытуға, әсіресе сыни ойлау мен коммуникативті дағдыларға оң әсер ететіні анықталды. Жоғары сынып оқушылары үшін рефлексивті тәжірибелерді қолдану және икемді дағдыларды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар жасалды. Осыған сүйене отырып, зерттеудің теориялық және практикалық маңызы анықталды.